Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео




Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



Аптап ыстықта сусыз қаңсып отырған жұрттың зары

Жаз келсе болды тіршілік нәрінің тоқтайтыны Алматы облысындағы Әйтей ауылы тұрғындарының әбден титығына тиген. Түнгі 3-те тұрып бар құтыны суға толтырамыз деген азаматтар оның өзін үнемдеп қолдануға тырысамыз дейді. Қара суға зар болғанымызды әкімдікке талай айтсақ та, амалын табудың орнына жылы сөзбен жауып келеді деп күйінеді. Аптап ыстықта қаңсып отырған жұртпен әріптесім Бауыржан Жақсымбет тілдесіп қайтты. Ала жаздай судан таршылық көреміз деген Әйтей ауылының тұрғындары биыл да мәселелерінің шешілмегеніне қапалы. Түнде дайындаған құтыларына тіршілік нәрін толтырып, күндіз үнемдеуден шаршадық дегендер, атқамінерлер құрғақ уәдеден ары аса алмай отыр дейді. Бұл мәселе ауылымызда алғаш рет көтеріліп тұрған жоқ. Бірақ атқамінерлер амал қарастырмай отыр деп күйінеді. Осының кесірінен ыдыс-аяқ, кірімізді жинап жуып, жуынудан қалдық дейді. БАУЫРЖАН СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ, Әйтей ауылының тұрғыны: – Именно мына жаздың күні каникулда барлық нәрсені бітіретін кезде не строика істей алмайсың, не басқа істей алмайсың судың мәселесі осы. Бұл кісілердің үйлерін су болатын болса бұндай қылып жиналмайды ғой. Шықпайды. Тұрғындардың айтуларынша үйлеріне екі жыл бұрын су есептегіш құралдар орнатылуы тиіс болған. Алайда, оның өзі жасалмаған екен. Қазіргі уақытта тіршілік нәрі үшін адам басына ақы төлеп отыр. Ал, ауылды сумен қамтамсыз етіп отырған компания қызметкері мұндай жағдайды кейбір ауыл адамдары ұтымды пайдаланып жатқанын жеткізді. Жаз айында бау-бақша суарып, керегіне жаратады дейді. Соның кесірінен айлық су мөлшері жеміс-жидек, көкөніс суаруға кетеді деп отыр. Енді мұны қалыпқа келтіру үшін есептегіш құрал орнатамыз дейді. АЙСЫН ТІЛЕПБЕРГЕНОВ, компания қызметкері: – Біз суды тоқтатпаймыз ешқашан. Бізде 3 скважинамыз істеп тұр қазір. Тоқтатпаймыз вообще. Осы екі ай проблема. Содан кейін болды 9 ай проблема жоқ. Енді счетчик мәселесін айтып жатырмыз бастықтар шешеді оны күзден бастап қоятын шығар счетчикті. Бірақ халық бұл сөзге сенбей отыр. Осыған дейін ешқандай жұмыс жасалмағандықтан, бұл да сөз күйінде қала ма деп қорқады. Көпшіліктің жиналған орнына Әйтей ауылдық округінің әкімі де келді. Халық саны бұрынғыдан едәуір өскенін айтып, сумен қамтамасыз ететін ірі жоба 2024 жылы бірақ қосылады деді. ЖАРҚЫН ҚАТУБАЕВ, Әйтей ауылдық округінің әкімі: – Әкімшілік тарапынан үлкен жоба іске асырылып жатыр қазір «Қаскелең су топтамасы деген». Ол жоба 2024 жылдың екінші жарты жылдығында болады. Ол 5 ауылымызды сумен қамтиды. Қазіргі таңда қарасаңыздар Жандосовтың үлкен трассаның бойына келіп қалды су деген. Тіршілік нәрінен әбден тарыққан тұрғындар ауыл әкімін үйлеріне шақырып қаңсыған құбырлардан тамшы тамбай тұрғанын көрсетті. Күн сайын су таппай қиналамыз деген жұрттың мәселесін ауыл әкімі ауданға барып қарастыратын болды. Содан кейін бір жауабы белгілі болмақ. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 Біздің сайт: www.31.kz и www.informburo.kz Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31 #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Comments