Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео




Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



Мал жайылатын жер қалталы кәсіпкердің меншігіне өтіп кеткен

Маңғыстау облысында жүздеген шаруа бір жарым жылдан бері мал жаятын жер таппай отыр. Өйткені, бес ауылдың төрт түлігі жайылатын телім қалталы кәсіпкердің меншігіне өтіп кеткен дейді. Шаруалардың айтуынша жер кәсіпкерге берілген кезде де тұрғындар қоғамдық тыңдалымға шақырылмаған. Ал әкімдік жерді қайтару үшін соттасқанымен сот шешімді кәсіпкердің пайдасына шығарыпты. Әріптесім Махаббат Нұржанқызы толықтырады. МАХАББАТ НҰРЖАНҚЫЗЫ, тілші: – Әкімдікке жиналған бұл шаруалардың айтуынша былтыр ақпан айында «бүкіл құжатым заңды» деген кәсіпкер жайылым жерді қазуға кіріскен. Ол аумаққа Мұнайлы ауданындағы бес ауылдың шаруаларының төрт түлігі жайылатын дейді. Шаруалар «Жетікөл» деп атап кеткен аумақтан кәсіпкер құм карьерін ашуға ниетті екен. Бірақ, бір жарым жылдан бері дауласып, мәселені аудандық әкімдік те шеше алмады дейді жиналғандар. САҒАТ ҚОСОВ, шаруа: – 5 ауылдың малы жайылатын өрісін карьер қыламын дегенге біз үзілді-кесілді қарсымыз. Басқа жерде біздің өрісіміз жоқ. Себебі мына беті урановый карьер, мына бетіміз 16-разъездің шойын жолы. Шойын жолға бармасын малың деп тағы безілдейді. Шаруалар гектар-гектар жер телімі кәсіпкердің меншігіне өтпес бұрын ешқайсымызды қоғамдық тыңдауға шақырмады деп отыр. Сондай-ақ, кәсіпкер ол жиынға өз таныстарын әкеліп, карьерге қарсылығымыз жоқ деп қол жинаған деп ашулы. ЕРЛАН ҚОЗЫБАҒАРОВ, шаруа: – Әкімшіліктің аумағындай жерді адам бойынан да биік 3 метрдей тереңдікте қазып тастады. Былай айтқанда табиғатқа, қоршаған ортаға, мемлекетке үлкен залал келтіріп тұр. Ол жер әлі де болса ашық күйінде жатыр. 10 жылға мерзімге жалға беруге келісім береді екен да. Халықтың Президентке үндеуінен кейін ол азаматтан жерін қайтадан қайтып алу туралы қаулы шығарған екен біздің аудан әкімі. Бірақ, дау аудан әкімінің қаулысынан кейін тіпті күшейе түсті дейді шаруалар. Себебі, кәсіпкер Мұнайлы ауданының әкімдігін сотқа беріп, мәселе одан сайын ушыққан көрінеді. Осылайша әкімдік соттан жеңіліп жайылым жері әлі күнге дейін кәсіпкердің меншігінде қалған. Ал аудандағы шенеуніктер әу баста жерді пайдалануға біз рұқсат бермедік деп ақталып отыр. БАҚЫТЖАН ОРЫНБАСАРОВ, Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы: – Лицензияны алған кезде кез келген тұлға министрліктен алады. Ол интерактивная карта дейді, интерактивная картадан блок-блок болып тұрады. Сол жерді рәсімдеп алады. Әкімдіктен ешқандай келісім алмайды. Біз білмейміз... жерді рәсімдеп жатқан именно карьерге рәсімдеп жатқан жер учаскесін лицензия алып жатқанын біздің әкімдікпен ешқандай келісілмейді, министрлікпен алып кетеді. Әкімдіктегілер халықтың талап-арызын сот негізсіз деп тапқанын айтады. Сондай-ақ шенеуніктер кәсіпкердің лицензия алу кезінде құқықбұзушылық жасағанын да айтып отыр. Енді әкімдік өкілдері сот шешіміне аппеляциялық шағым түсірмекші. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 Біздің сайт: www.31.kz и www.informburo.kz Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31 #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Comments