У нас вы можете посмотреть бесплатно МАЙҚЫ БИ ТӨБЕЙҰЛЫ - Тарихи тұлға, атақты би, шешен. Шыңғысты хан көтеруге қатысқан 12 бидің бірі. или скачать в максимальном доступном качестве, которое было загружено на ютуб. Для скачивания выберите вариант из формы ниже:
Если кнопки скачивания не
загрузились
НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу
страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru
Майқы би – аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, шешен. Халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген ескі сөз бар. Шежірелерде Майқы би деген атпен өмір сүрген бірнеше тұлға кездеседі. Кейбір зеттеушілер оны б. з. б. үйсін мемлекеті билеушілерінің бірі деп есептейді. Майқы би Мәнұлы деген атпен белгілі. Б. з. б. 178–89 жылдары өмір сүрген және аңыз бойынша би атанған тұңғыш адам. Шежірелерде кездесетін екінші Майқы би Төбейұлы (1105–1225) Шыңғыс ханның замандасы, әрі оны хан көтерген 12 бидің бірі. Парсы тарихшысы Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат – тауарих» атты шығармасында «Қошындық Байку деген атпен» Майқы бидің Шыңғыс ханның оң қолы, ел басқару ісіндегі ақылшысы, бас биі болғаны, Жошы хан әскерлерінің оң қанатын басқарғаны айтылды. Осы дерек моңғол жылнамасы «Алтын тобчида» да бар. Кейбір халық аңыздарында Майқы бидің Орманбет би өліп, он сан ноғайлы ел бүлінгенде қазақ ұлысын құрған және қазақтың үш жүзіне таңба үлестіріп берген абыз-би болғандығы айтылады. Шежіре деректер бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбырайым, одан Кейкі, одан Төле би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекіре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне қатысты көптеген аңыз-әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның Шыңғыс ханның ел басқару ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он қанатын басқарғанын айтады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен қатарлас, болмаса ептеп үлкен болуы мүмкін. Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну кезінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі – Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көрсетеді. Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді… Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел болуды ойлаңдар…» деген өсиет қалдырған. Бұл аңызда Майқы бидің өз заманында аса беделді, ақылды ірі адам болғанын аңғартады. Майқыдан бастап би – атақ лауазым, билік — өнері саналады. Халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдырып, қолғамдық қару етеді. Майқы бидің алатын орны ерекше, түркі халақтары әлі бөлінбей тұрған кезде өмір сүріп, әділдігімен, шешендігімен жалпы түркілік қайраткер дәрежесіне көтерілген адам болса деген болжамдар бар. Майқы биді өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтары өз биі деп есеп, қадір тұтқан. Бірде Майқы би мәжіліс кезінде қалғып кетеді. Онымен қатар отырған кіші билер мұнысын өздерін менсінбегендікке балап, жамандыққа жориды. Біреуі бүйірінен түртіп қалады. Сонда Майқы би көзін ашып: «Ойпырмай, оятып жібердіңдер-ау, түсімнің аяғын көріп үлгермедім!» - депті. Бет-жүзі құбылып өзгеріп, қатты қапаланғаны сонша, отырған жұрт шошып кетеді. Майқы әңгімесін жалғайды: «Көзі қысық, тісі қисық жаудан емес, көзі шегір, өзі жемір жаудан зұламат келер. Ұрпағым содан қатты азап шегер. Керегелері қирап, шаңырағы шайқалар, бүліншік келіп, жұрт апатқа ұшырар. Түсімнің соңында халқымның шегір көзді жебір мен жемірден құтыла бастағанын көрдім. Әттең,осы арада сендер мені оятып жібердіңдер». Ортағасырлық белгілі тарихшы ғұлама Рашид әд-Дин «Жамиғ-ат-Тауарих» кітабында екінші Майқы бидің Шыңғыс хан заманында өмір сүргенін, оның оң қолы, кеңесшісі әрі қолбасшысы болғанын жазады. Шыңғыс хан кезекті жорыққа аттанғанда өз орнына сеніміне әбден кірген биді қойып кетеді екен. Ұлы ханның үлкен ұлы Жошы Батысқа жорыққа шыққанда Майқы би әсукрдің оң қанатын басқарып, шайқастарда көптеген жеңістерге жетеді. Ол Дешті Қыпшақ деп аталатын ұлан-ғаыр өлкені билейді. Бұл жайында моңғолдың «Алтыг топшысында» айтылған. 1206 жылы Шыңғыс ұлы хан болып жарияланғанда, бағынышты жерлердің көптеген көсемдері мен билеушілері оған құтты болсын айтуға барады. Майқы би – кезінде қазақ халқының бірлігін сақтап, біртұтас ел болуы жолында көп еңбек сіңірген қайраткер. Халық аңызында Орманбет би өліп, он сан ноғайлы ел бөлінгенде Майқы би қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер ретінде сипатталады. Аңыз бойынша, Майқы би қазақ руларын үш жүзге топтаған. Үйсін бастаған ру-тайпалар – Ұлы жүз, Қабанұлы Болатқожа бастаған рулар – Орта жүз, Қоғамұлы Алшын бастаған рулар – Кіші жүз деп аталады.