Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео


Скачать с ютуб Сүннет дегеніміз не? в хорошем качестве

Сүннет дегеніміз не? 1 год назад


Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



Сүннет дегеніміз не?

Сүннет - Мұхаммед Пайғамбардың сөзі, әрекеті және шешімі. Құранда Пайғамбарға бойұсыну бұйырылады. Сүннет - парыз бен уәжіптен бөлек, Пайғамбар (с.а.у.) жасаған және жасауды насихат еткен іс-әрекеттер. Бұл сөздің араб тліндегі мағынасы – жол. Сүннет үшке бөлінеді: Мүәккәд сүннет (бекітілген сүннет). Пайғамбардың (с.а.у.) үнемі орындап, кейде орындамаған сүннеттері. Мысалы, таң, бесін, ақшам намаздарының сүннеттері. Осы сүннеттерді орындаған сауапқа кенеледі. Орындамаған адам жаза берілмесе де, айыпталады. Ғайри мүәккәд сүннет (бекітілмеген сүннет). Пайғамбардың (с.а.у.) кейде жасап, кейде жасамаған Сүннеттері. Намаздыгер мен құптан намазының алғашқы сүннеттері осыған жатады. Осы Сүннеттерді орындау сауапты, ал орындалмаса, күнә жоқ. Зәуәид сүннет (артық сүннет). Осы Сүннеттер Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік үшін орындалса, сауабы көп, орындалмаса күнәсі жоқ. Сүннет құрылымы тұрғысынан үшке бөлінеді: ауызша сүннет; іс-әрекеттік сүннет; тақрири сүннет Ауызша сүннет - Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөздері, ол хадис деп аталады. Іс-әрекеттік сүннет - Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) орындаған іс-әрекеттерін білдіреді. Тақрири сүннет Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) көрген ісі төңірегінде үндеместен, оны макұлдағанын көрсетеді. Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) көрген ісіне қарсы шықпауы сол істі істеуге болады деген сөз.

Comments