Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео


Скачать с ютуб ПАЙҒАМБАРДЫ ﷺ ТҮСІҢДЕ КӨРЕСІҢ ЕГЕР... в хорошем качестве

ПАЙҒАМБАРДЫ ﷺ ТҮСІҢДЕ КӨРЕСІҢ ЕГЕР... 3 года назад


Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



ПАЙҒАМБАРДЫ ﷺ ТҮСІҢДЕ КӨРЕСІҢ ЕГЕР...

Түсіңізде Алла Елшісін (ﷺ) көргіңіз келе ма? 05 ақпан, 2016 жыл 6245 Ахмад бин Ханбал мен Бұхаридің хадистер жинағында Әнас бин Мәликтен (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кім мені түсінде көрсе, оның түсі шынайы, себебі, шайтан менің кейпіме ене алмайды», – дейді. Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Кім мені көрсе, ояу кезінде көргендей болады», – дейді Алла Елшісі (ﷺ). Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көрінуі, адамның рухани кемелдігіне байланысты. Салиқалы, тақуа, ізгі құлдар Пайғамбарымыздың нұрын анық көреді. Әлемнің нұры болған Пайғамбарымызды түсінде көргісі келген адам өзінің бұл қалауын жан тәнімен сезіне білуі қажет, Алладан қорқатын құлдардан болуы керек, сондай-ақ Жаратушы Иенің әмірін бұлжытпай орындауы және тыйым салынған нәрседен аулақ жүруі тиіс. Юсуф Набхани былай деп жазады: «Мен Алла елшісін (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) түсімде бір көруді қатты қаладым және ол үшін «Ықылас» сүресін 3000 рет оқып, Жаратушыға дұға еттім. Мен Оны түсімде асқақ, ұлы күйінде көрдім, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмаймын». «Хадаик ул-Әкбар» және Абдулқадыр Гейләнидің «Гунья» атты еңбегінде Абу Хурайрадан (Алла оларға разы болсын) жеткен Алла елшісінің мына бір хадисі келтірілген: «Кімде-кім жұмаға қараған түні екі рәкағат нәпіл намаз оқып, әр рәкағатында «Фатиха» сүресін, Аятул-Күрси сосын 15 рет Ықылас сүресін оқып, сәлем бергеннен кейін мың рет «Аллаһумма салли‘аля Мұхаммадин Нәбийюль-Уммии» деп айтса, келесі жұмаға дейін мені түсінде көретін болады. Мені көргенде жәннатқа лайық болып, күнәлары кешіріледі» деген. Бұл хадис Тәзкират уль-Мұстафа кітабында да жазылып, тәжірибе жүзінде жасалғаны айтылған. Сонымен қатар, ұйықтар алдында дәрет алып, дұға етіп жатуы маңызды.

Comments