Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео


Скачать с ютуб ҚАРЫНДАСЫМ, қыздың жолы жіңішке (ӘСЕРЛІ әңгіме) | Сайын Мұратбеков | Қызықты әңгімелер арнасы в хорошем качестве

ҚАРЫНДАСЫМ, қыздың жолы жіңішке (ӘСЕРЛІ әңгіме) | Сайын Мұратбеков | Қызықты әңгімелер арнасы 1 год назад


Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



ҚАРЫНДАСЫМ, қыздың жолы жіңішке (ӘСЕРЛІ әңгіме) | Сайын Мұратбеков | Қызықты әңгімелер арнасы

Осы қызықты әңгімелер арнасынан Сіздер: Сайын Мұртбековтің "Менің қарындасым" атты әңгімесі өте әсерлі жазылған шығарма. Қыздың жолы жіңішке екенін әдемі көрсеткен. Ішінде бойжеткен қыздың мұны, көңілі, өмір жолы, өмір иірімі бәрі жазылған. Қазақша қызықты аудио кітап жинағы. Қызықты әңгімелер. Ғибратты әңгімелер. Ғибратты әңгімелер жинағы. Ғибратты сөз. Танымал арнасы. Оқыған: Динара Мейрамқызы. Биыл қысқы демалыста ауылға келгенімде, қарындасымның соншалықты тез өсіп, өзгеріп кеткені қатты таңырқатты. Кеше ғана жолда келе жатқанымда оны көз алдыма тіптен басқаша елестетіп едім. Орта бойлы, толықша келген қара торы жүзді, әр кездегі ерке қалпында менімен таласа кетуге дайын тұратын өжет қыз. Шолақтау келген сүйкімді мұрны үнемі күлкі нышанын аңғартып,сөйлеген кезде делбіреп тұратын. Қақ жара өрген қалың қара шашының маңдай-алды бұрымына қосылмай, бұйралана шоқтанып біткен. Ол кейде желбіреп көзіне түсетін. Осы бір көзіне түсе беретін «тентек» шашы кейде менің зығырданымды қайнатушы еді. Өз-өзімнен қарындасыма тиіскім келіп кететін де, аяқасты ашу шақырып, айғайлап ұрыса бастайтынмын. Шынымды айтсам, үйдегі уақытымның көбі қарындасыма шүйліге жүріп, үлкендік ақыл айтумен өтетін-ді. Оның бойынан әрқашан қызға лайықсыз міндер тауып, кінәлап ұрсушы едім. Ал ұрысқан кезімде, ол көзі жапақтап бәрін мойындап, үнсіз отыратын да менің жүзімде сәл жылылық пайда болған сәтте-ақ, өзіме қосыла езу тартатын. Сол-ақ екен, мені қуақы қылығымен алдаусыратып, ептеп қана есікке жылысатын. Егер менен бұрын есікке жетіп үлгерсе, айтқан ақылымның түгелдей зая кеткені. Әлгінде ғана жәудіреп отырған қарындасым тордан құтылған дала құсындай, ойнақшып шыға келеді. Маған қарап тілін шығарып: #аудиокітап #әсерліәңгіме #сайынмұратбеков #қазақшаәңгімелер #қарындасым #қыздыңжолыжіңішке #қызықтыәңгімелер #қазақшаәңгімелер #қазақшаәңгімелержинағы #әңгімелер #өміриірімі #қызықты #қарындас #қазақ #әйел #әйелдер

Comments