Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео


Скачать с ютуб 2-3 жастағы балалардың тілін дамыту. Отбасы. Менің отбасым. в хорошем качестве

2-3 жастағы балалардың тілін дамыту. Отбасы. Менің отбасым. 2 года назад


Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



2-3 жастағы балалардың тілін дамыту. Отбасы. Менің отбасым.

2-3 жастағы балалардың тілін дамыту. Отбасы. Менің отбасым. Тіл адамдардың бір –біріне пікір алысып, қарым- қатынас жасайтын құралы болғандықтан тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше. 2-3 жаста баланың дене және психикалық дамуы одан әрі жүзеге асады. Ай сайын салмағына 170,0-190,0 г, бойына – 1 см қосып отырады. 2-3 жастағы баланың салмағы орташа есеппен 12,0-12,7 кг, бойының ұзындығы 85,0-86,0 см жетеді, 20 сүт тісі болады. Сергектік уақытының ұзақтығы: бірінші жарты жылдықта 3 сағаттан бастап 4 сағатқа дейін, екінші жарты жылдықта 4 сағаттан бастап 5,5 сағатқа дейін. Тәуліктік ұйқы мөлшері 14 сағаттан 12,5 сағатқа дейін қысқарады. Бала өмірінің екінші жылында сөйлейді, жүре бастайды, заттармен әрекет жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Ол әлі де ересектердің көмегін қажет етеді, бірақ сәбилерг қарағанда, онда талпыныс, ересектерге түсіндіре білуге деген ұмтылыс пайда болады. Екі жасында – тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық байқалатын тіл дамытудағы «сензитивті» кезең. Бала екі жасында ересек адамдардың сөздері мен сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. 3 жастың соңына қарай біртінділікті қажет ететін сюжеттік ойындарға ауысады. Өйткені, бір жарым жасқа дейін бала көзбен көргенінің әсерінде болады, оның тәжірибелері мардымсыз, ойындары тұрақсыз, ал ойын жағдайын тәрбиеші дайындайды. Келесі жарты жылда ойын едәуір тұрақты бола бастайды, бала бір затпен әртүрлі іс-әрекеттер орындайды. Егер бір жарым жасқа дейін бала бір іс-әрекетпен 2-4 минут айналысса, екі жасқа қарай, өз әрекетін сөзбен түсіндіре отыра, 5-7 минутқа дейін айналыса алады. Біртіндеп ойын барысында ойлау қалыптаса бастайды: бала ойында ауыстырғыш заттарды қолданады, үлкендердің қимылына еліктейді, өзінің іс-әрекетін басқа жағдайға ауыстыра алады. Балада көрнекі-қимылды ойлау қабілетінің негізі қалыптаса бастайды Music: https://www.bensound.com

Comments