Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео


Скачать с ютуб ДНҚ дегеніміз не? | қазақша в хорошем качестве

ДНҚ дегеніміз не? | қазақша 2 года назад


Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



ДНҚ дегеніміз не? | қазақша

Бұл видеода біз ДНҚ-ның не екенін, оның неден тұратынын және оның не үшін қажет екендігін білетін боламыз. Барлық тірі организмдерде ДНҚ болады. Тек вирустарда ғана болмайды, оларда оның орнына РНҚ болады. ДНҚ-ның мономері – нуклеотид, дезоксирибонуклеотид. Ең алдымен клетка типтерін ажыратып алайық. Эукариоттық клеткалар жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтар клеткаларына бөлінеді. Эукариотты клетканың ішінде ядроны көре аламыз, сол ядрода хромосомалар орналасқан. Хромосомалар жұп болады, әрбір тірі организмнің өзіне тән хромосома саны болады. Адамдарда – 23 жұп, пілдерде – 28 жұп, сәбізде – 9 жұп хромосома болады. Хромосомалар ДНҚ-дан тұрады, прокариоттар, архей және бактерияларда ядро болмайды. Оларда генетикалық ақпарат цитоплазмасында орналасады. ДНҚ дегеніміз не? ДНҚ молекуласы спираль түзетін 2 полинуклеотидті тізбектен тұрады. Өз алдында қос спираль болып табылады. Әр адамның ДНҚ-сы өзіне ғана тән ерекше, тіпті егіздерде де әртүрлі. ДНҚ көптеген тізбектен тұрады. Ген – бұл ДНҚ-ның бір бөлігі, ол қандай да бір белокты кодтайды (пауза). Мысалы, генге көздің түсі тәуелді болуы мүмкін: көк, жасыл, қара (пауза). Біздің денеміз толықтай протеиннен тұрады. Бұл бізге өмір сүруге, өсуге, көбеюге көмектеседі (пауза). ДНҚ нуклеотидтерден тұрады, әрбір нуклеотид азоттық негізден, бескөміртекті қанттан (ДНҚ-да бұл – дезоксирибоза) және фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. ДНҚ нуклеотидтің 4 түрінен тұрады: аденин, тимин, цитозин, гуанин. Аденин тиминмен, цитозин гуанинмен байланысады. Нуклеотидтер өзара сутектік байланыс арқылы байланысады. ДНҚ – биологиялық полимер, ол спиральданған қос тізбектен тұрады (пауза). ДНҚ-ны хромосома қалыптастырады. ДНҚ – полимер, себебі ол өте көп нуклеотидтерден тұрады. ДНҚ 4 азоттық негізден тұрады: аденин, тимин, гуанин, цитозин. #биология #днк #қазақша

Comments