Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео


Скачать с ютуб «Қан қолыммен баланы өзім суырып алдым». Өзі босанған жүкті келіншектің жанайқайы в хорошем качестве

«Қан қолыммен баланы өзім суырып алдым». Өзі босанған жүкті келіншектің жанайқайы 1 год назад


Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



«Қан қолыммен баланы өзім суырып алдым». Өзі босанған жүкті келіншектің жанайқайы

Алматы облысында жүкті келіншек сәбиін перзентхана дәлізіндегі мұздай кафель үстінде босануға мәжбүр болған. Талғар тұрғыны Шәрбану Төлендиеваның айтуынша, толғағы қысып, жаны қиналған сәтте дәрігерлер босану бөлмесіне әкеліп тастап кеткен. Тіпті босанғалы жатқанын айтып, жан ұшыра айқайлап көмекке шақырсам да не акушер, не кезекші дәрігер келмеді деді ашынған әйел. Сондықтан, амалсыз өзі босанып, шақалақты памперске ораған екен. Ал ақ халаттылар тек нәрестенің жылаған дауысы естілгенде ғана келді деп отыр. Қолым қан-қан болып, баланы өзім бүйтіп суырып алдым. Өзім памперсті жерге қойдым. И бала жылағаннан кейін бәрі келді. Мен айттым неге келдіңдер деп. Болды, туып алдым ғой мен дедім. Шәрбану Төлендиева дәрігерлердің салғырттығы салдарынан сәбиімнен айырылып қала жаздадым деп ашынады. Айтуынша, аман-есен босандырып алуы тиіс ақ халаттылар алдымен бір жарым тәуліктей уақыт созып, дәл мерзімі жеткенде тастап кеткен. Ақыры әбден жаны қиналған әйел өзі босаныпты. ШӘРБАНУ ТӨЛЕНДИЕВА, Талғар ауданының тұрғыны – Түнгі сағат екіде мені астына түсірді родзалға. Родзалға түсіргеннен кейін алтыда бір қарады. Алтыдан кейін қарамады вообше. Содан мен уже туып жатырмын десем де ешкім қарамай мені қинап сол жерде. Шақырдым ешкім келмеді. Получается тек сөйлессең ғана қарайды. Сөйлеспесең қарамайтын болып тұр. Мен сөйлесіп үлгермедім. Шәрбану бұл жағдайдың осымен екінші рет қайталанып тұрғаны жаныма батты дейді. Айтуынша, тұңғышын дүниеге әкелгенде де дәрігерлер иығын сындырып жіберген екен. Оны да нәресте мазасыздана берген соң дәрігерге көрсетіп анықтаған. Бірақ ол кезде ақ халаттылар қатесін мойындап кешірім сұрады дейді. Ал бұл жолы үндемей құтылмақ деп ашулы. Сондықтан жұмысына немқұрайлы қараған қызметкерлер жауапқа тартылуын талап етіп отыр. Алайда перзентхана әкімшілігі келіншектің айтқанын жоққа шығарып отыр. Айтуынша, осы оқиғадан кейін қызметтік тексеру өткізіп, акушерлерден сұрақ алынған. Олар бұл жайтты мүлде басқаша баяндапты. Яғни, келіншекті босандандыру бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізілген. ЭЛЬВИРА ТАЛҒАТҚЫЗЫ, перзентхана бөлімінің меңгерушісі: – Акушерка ертіп алып келіп, жатпай күшеніп жатқан кезінде «кел, жат, жат» деп жатқызып деді өзім роды принимать еттім деді. Больница болғандықтан бұл жерде бала шетінеп кету оқиғалары болады. Больница болғандықтан әр түрлі жағдайлар болады. Перзентхана әкімшілігі дау бастаған әйел өз сөзін дәлелдегісі келсе, болған оқиғаны бүкпесіз баяндап, арыз жазсын деді. Тек сонда ғана шағым бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі. Нұрболат Жаңабекұлы, Думан Сүлейменов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -   / @informburo31kanal   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Comments