У нас вы можете посмотреть бесплатно Ай мен Айша / Ai men Aisha - Шерхан Мұртаза (Аудиокітап) 6/7-бөлім или скачать в максимальном доступном качестве, которое было загружено на ютуб. Для скачивания выберите вариант из формы ниже:
Если кнопки скачивания не
загрузились
НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу
страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru
«Ай мен Айша» романы қазақ елінің тарихи мекендерінің бірі – Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданының Мыңбұлақ ауылында туып-өскен Барсхан дейтін баланың өмірін арқау еткен. Кішкентай кейіпкер автордың өзі екені бірден сезіледі. Ал негізгі кейіпкер баланың анасы Айша. Шығармада соғыс жылдарындағы аналардың, «41-ші жылғы келіншектердің» символына айналған Айшаның тағдырдың ауыр тауқыметін тартып, қиындыққа мойымай, Аллаға сиынып, айға сырын ақтарып, сыртқы жаумен емес, ішкі қас-дұшпанмен арпалысқандығы шебер суреттеледі. Қазақтың талантты жазушысы, «Менің атым – Қожа» повесінің авторы Бердібек Соқпақбаевтың «Соғыс – біреуге соғыс, біреуге – ырыс» деген сөзі айқындала түседі. • Романның өзегінде басқа түскен қиындыққа үнсіз мойынcұна салу емес, кез келген тығырықтан алып шығар айқын мақсат, табанды мінез, батыл қайсарлық жатыр. Кейіпкерлер арасындағы эмоциялық байланыстар мен диалогтар тұрғысынан қарағанда, бұл шығарманы – шынайы «драмалық роман»; кейіпкерлердің бір қырымен немесе бір жақты мінезімен шектелмей, өзгеріп отыратын әр алуан мінезді шеберлікпен жеткізу арқылы айшықталған «классикалық және реалистік роман»; бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтпаған қоғамдық мәселелерді арқау еткен «әлеуметтік роман» деп бағалауға болады. • Бөлімдер: (Сюжеттер) • ~ Келесі бөлімдер алдағы уақытта салынатын болады, каналды қолдап лайк пен комент қалдырамыз.! • ~ Лайфхак - аудиокітапты экрандағы "настройка" ға кіріп " скорость воспроизведение" батырмасы арқылы өзіңіз қалаған жылдамдықта тыңдасаңыз болады. • 📚 Енді бастаушыларға сәттілік, зейіндеріңіз ашылсын.!!!