Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео


Скачать с ютуб ШҚО-ның Күршім ауданындағы Ақсуат ауылын су шайып кету қаупі төніп тұр в хорошем качестве

ШҚО-ның Күршім ауданындағы Ақсуат ауылын су шайып кету қаупі төніп тұр 6 лет назад


Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



ШҚО-ның Күршім ауданындағы Ақсуат ауылын су шайып кету қаупі төніп тұр

Соңғы 3-4 жылда Зайсан көлі күрт көтеріліп, ауылдың бір шеті түгел суға кеткен. Қазір кейбір үйлердің іргетасын дүлей толқын соғып жатыр. 2015 жылы аудан әкімдігі қауіп төнгенде, 4 отбасыға ауыл шетінен жаңа баспана салып берген. Бірақ жағадағы басқа үйлерді көшіруге қаржы жетпей қалған. Сондықтан Күршім ауданының әкімдігі бұл мәселе облыстық деңгейде шешілуі тиіс екенін айтады. Ақсуат ауылында тұрғанына 30 жыл болған Гүлнар Қанағатованың үйі бұрын ауылдың дәл ортасында болған. Соңғы жылдарда көлдің жағасы іргесіне жеткен. Былтыр көктемде қорасы мен қоймасын шайып кеткен. Енді үйіне қауіп төніп тұр. Гүлнар Қанағатова, Ақсуат ауылының тұрғыны: – Үш төрт жыл болды. Судың тасқынынан қаншама адам зардап шегіп отыр. 5-6 үй суға кетіп қалды. Өскеменнен де, әкім тарапынан да келіп, барлығын жазды. Құжатын жинап алды. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Атқарушы билік комиссияның нәтижесін күтіп жүргенде, ауыл тұрғындары толқынның күшін қайтару үшін жағаға ескі көліктердің қаңқасы мен темір үйіп, бөгет жасап жүр. Советхан Егізбаев, Ақсуат ауылының тұрғыны: – Толқын қатты соққанда, осындай темірлермен қоршаймыз. Түнде тасқынның дауысы үйге естіледі. Бүгінге дейін қанша үйді су шайып кеткені туралы нақты дерек жоқ. Ақсуаттың байырғы тұрғындарының айтуынша, ауыл жағадан бірнеше рет көшірілген. 1950 жылдары ең алғаш ауыл құрылғанда, жаға шамамен 3 шақырымдай алыста болған. Орталық көшеде электр сымдары орнатылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы 15-20 жылда жиырмаға жуық үй суға кеткен. Қазір кейбір үйлер жағаға 2 метрдей жақындықта қалған. 2014 жылы Күршім ауданы әкімдігі жағадағы қауіп төнген 6 үйді көшіріп, баспана салу туралы шешім қабылдайды. Дегенмен қаржы 4 отбасыға ғана жетеді. Айман Қайыржанова, Ақсуат ауылының тұрғыны: – Осы үйді берді. Қораны ескі үйді бұзып, өзіміз салып алдық. Қалған отбасыларға да үй салып берсе, жақсы болушы еді. Бастапқыда 6 үй салынуы тиіс болған. Бірақ 2 үйге қаржы жетпей, құрылысы аяқсыз қалды. Ал бүгінде жардың жағасында тағы 6 отбасы отыр. Облыстан құрылған комиссия бірнеше рет келгенімен, әзірше нақты шешім қыбалдамаған. Сейсенғазы Шоқаев, Күршім ауданының әкімі: – Бүгінгі уақытта тек Ақсуат ауылының өзіне 22 үй салу қажет. Егер 22 үйді қалпына келтірсе, онда мектеп те жабылмайды. Облыстық төтенше жағдай да мұны біледі. Облыс әкімінің орынбасарлары да бұл жағдайдан хабардар. Өз тарапынан тиісті шара қолданар деген ойдамын. Тиісті шара қолдану үшін Күршім ауданының әкімі облыстағы барлық құзырлы органдарға хат жазған. Екі жыл бұрын 22 үйді салуға 51 миллион теңге қаржат қажет екенін есептеп, жобасын дайындаған. Алайда аудан қазынасының қалтасы бұл қаржыны көтермейтіндіктен, бүгінге дейін тек қағаз жүзінде қалып отыр. Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Comments