У нас вы можете посмотреть бесплатно Qаймақ: Жүзімдік ауылы или скачать в максимальном доступном качестве, которое было загружено на ютуб. Для скачивания выберите вариант из формы ниже:
Если кнопки скачивания не
загрузились
НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу
страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru
Жүзімдік ауылы — еліміздің қиыр оңтүстігінде орналасқан тарихы тереңге бойлаған ауылдардың бірі. Оның құрылуына Сталиннің солақай саясаты себепкер болған. 1942-1943 жылдары ол Кавказдан түрлі ұлт өкілдерін дәл осы жерге күштеп қоныс аударыпты. Сондықтан Жүзімдікті 40 ұлттан құралған ауыл деп айтуға болады. Қазір сол ұлттардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олар тек өз ана тілдерін емес, қазақ және орыс тілдерін де жетік меңгеріп алған. Барлық мерекелер ортақ. Біздің түсірілу тобымыз Наурыз мерекесі қарсаңында осы ауылға ат басын бұрған еді. Солай біздің ұжымға биылғы мерекені иран-әзербайжан отбасында тойлау бұйырыпты. Олар Наурызды ерекше атап өтеді екен. Дастарханға шығыс халықтарына тән дәмдерді қояды. Сондай-ақ кезінде бұл ауылда 20 түрлі шарап дайындаған екен. Қазір ол плантациялардың барлығы оталып, орнына өзге көкөністер өсіріледі. Ауыл халқы өте пысық. Мемлекеттен берілетін түрлі жеңілдіктерді пайдаланып, өз кәсіптерін дамытып, жетістікке жетіп отыр. #1tvkz #Еуразиябіріншіарнасы #Евразия #Qаймақ #ауыл #ДарынОЛЖАБАЙ