Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео


Скачать с ютуб Қызылорда да тұрғындар халық игілігіне деп алынған экотаксилерді таппай жүр в хорошем качестве

Қызылорда да тұрғындар халық игілігіне деп алынған экотаксилерді таппай жүр 17 часов назад


Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



Қызылорда да тұрғындар халық игілігіне деп алынған экотаксилерді таппай жүр

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Қызылорда да тұрғындар халық игілігіне деп алынған экотаксилерді таппай жүр. Өйткені такси қызметін қолдануға арналған не арнайы қосымша, не диспетчерлік қызмет жоқ. Тіпті халықтың басым бөлігі электромобильдерге әлі мініп те көрмеген екен. Бірақ шенеуніктер апта басында қызметі арзан көліктер қала ішінде жолаушы тасымалдауға дайын деп жарнама берген. Айта кетейік, такси қызметіне арналған 100 электромобильді алуға бюджеттен 1 миллиард теңгеден аса ақша бөлінген еді. Осы аптаның басында Қызылорда халқына пайдалануға берілген экотаксилердің жарнамасы жер жарған еді. Шенеуніктер бұдан былай қала тұрғындарын қызмет бағасы арзан әрі табиғатқа зияны жоқ электромобильдер тасымалдайды деп мақтанған. Ал көліктерді танымал такси қосымшасы арқылы шақыруға болады деген. АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ, тілші: Қызылордадағы автобус паркінің қызметкерлері экотаксилерді танымал қосымша арқылы шақыруға болады деген еді. Бірақ мұнда экотаксиге тапсырыс беруге арналған тетік жоқ. Ал енді эконом санатындағы таксиді шақырып көрсек. Міне, экотакси емес, сол бұрынғы қымбат бағадағы такси қызметіне тап боласың. Біз секілді көпшілік те арзан такси қызметіне қол жеткізе алмай жүр екен. Мен яндексті қарадым таппадым, индрайверді қарадым таппадым. Қалай іздейді оны? Білмеймін. Баратын жеріме дейін шақырып көрсем бе деген ниеттемін. Бірақ сол вот именно приложениесі бар ма несі бар? Оны қалай білуге болады. Бір номерлер жүр ғой. Оған звондасаң бірақ ұрысып жатыр дейді ғой. Ал жұрт таппай жүрген электромобильдердің жартысына жуығы автобус паркінің тұрағында қаңтарылып тұр. Жауаптылардың айтуынша қалған көліктер жолдан кездескен жолаушыларды тасымалдаумен айналысып жатыр. Ал әкімдік өкілдері қазір танымал қосымшаға экотакси шақыруға арналған арнайы қызметті қосу бойынша келісім жүргізіліп жатқанын хабарлады. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ, ӘКІМДІГІНІҢ FACEBOOK ПАРАҚШАСЫНАН: «Яндекс» мобильді қосымшасының құрылтайшыларымен келіссөз жүргізіп, жақын күндері электротакси бөлімін қостыруға қол жеткізді. Қосымшаның техникалық жабдықтаушылары жаңа бөлімді енгізу шараларын жүзеге асыруда. Қазақстан бойынша «Яндекс» қосымшасына электротакси қызметі тек жалғыз Қызылорда қаласында ғана алғаш рет қосылғалы отыр. Айта кетейік, әкімдік биыл такси қызметіне арналған 100 электромобильге тапсырыс берген. Қазірге дейін оның 52-і жеткізілген. Әр көлікке мемлекет қазынасынан 11 миллион теңге жұмсалып отыр. Ал тұрғындар осы экотакси қызметінің қызығын енді қашан көретінін шенеуніктердің өзі дөп басып айта алмай отыр. Абай Нұржанұлы “ИБ” Қызылорда облысы --------------------------------------------- Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm... TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?... Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Comments