Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео


Скачать с ютуб Алақан жайып, елден қайыр тілейтіндердің саны күрт көбейді: бұл ненің белгісі? в хорошем качестве

Алақан жайып, елден қайыр тілейтіндердің саны күрт көбейді: бұл ненің белгісі? 2 года назад


Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



Алақан жайып, елден қайыр тілейтіндердің саны күрт көбейді: бұл ненің белгісі?

Мешіт алдында алақан жайып, көшеде қайыр тілейтіндер көбіне мүгедек жандар мен әйел адамдар. Алақан жаюға тіпті кішкентай балаларымен шығатындар да бар. Әсіресе, Рамазан айында жомарт жандардан көмек сұрайтындар көбейе түседі. Қалалық әкімдік мұндай жандарға қандай көмек береді? Алматыда қайыр сұрайтындарға жұмыс жоқ па? Тілші тарқатсын. Алматы тұрғыны Жұмагүл Замзаеваның мешіт алдында қайырымды жандардан көмек сұрап жүргеніне 6 жылдан асқан. Қарт ана мұндай қадамға жұмысынан айырылып, жолдасы төсек тартып қалған соң барғанын айтады. Күніне 3 мың теңгеге жуық ақша жиналады деген кейуана жеті баланы жалғыз өзі қайыр тілеп асырап отыр екен. Зейнеткер Алла үйінің алдында күнделікті күндізгі 12-ден түнгі 11-ге дейін отырады. Жұма күні мешітте адам көп болатындықтан ертерек келіп, орын алуға тырысамын дейді. Ал шененуіктер бірден көмек болмайды деген. ЖҰМАГҮЛ ЗАМЗАЕВА, Зейнеткер: – Акиматқа барып едім, акимат та айтты. Біз саған көмектесе алмаймыз, бізде ақша доқ, үй жоқ, ештеңе жоқ, қол астымызда. Мына мешітте отыр ғой қайыршылар, шығып отыр да қайыр тіле. Байқағанымыз, алақан жайған тек Жұмагүл Замзаева ғана емес. Құлшылық жасайтын орындардың алды қайыр тілеген адамға толы. Арасында арбаға таңылғандары мен қолдарына кішкентай балаларын ұстағандар көп. Дені әйел адамдар. Түскі ас пен кешкі астарын да арнайы дорбаға салып алып келеді екен. Өйткені, орнынан алыстап кетсе айырылып қалады. Қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасындағылар, қайыр тілеп жүрген жалғызбасты көп балалы аналарға балаларын балабақша мен мектепке орналастыруға және өзіне жұмыс табуға көмектесуге ғана қауқарлы екен. ЖӘНІБЕК ҚАРАТАЕВ, Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары: – Мұқтаж кісілерге біз киім-кешекпен көмектесе аламыз деп шығады. Азық-түлікпен көмектесе аламыз деп. Енді, әр отбасыдағы, әр кісінің, әр азаматтың мұқтажына байланысты әртүрлі біздің үкміеттік емес ұйымдар бар. Сол кісілермен біріге біз көмектесуге тырысамыз. Маманның сөзінше, бүгінде Алматыда жұмыссыздар саны 53 мың адам. Бұл ресми статистика. Ал, әр жұма сайын қаладағы мешіттердің алдында қайыр тілеп, көшеде алақан жайған адамдарға қарағанда жауаптылардың көрсеткішіне күмән туындайды. Өмір Серікбекұлы, Даяна Нұржанова, Сергей Шуйский Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -   / @informburo31kanal   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #мұқтаждық #қайырымдылық #Рамазан #қайыр_сұрау #зекет #садақа

Comments