Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео


Скачать с ютуб Несие алатын кезде банк сізге бұл құпиясын айтпайды! в хорошем качестве

Несие алатын кезде банк сізге бұл құпиясын айтпайды! 2 года назад


Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



Несие алатын кезде банк сізге бұл құпиясын айтпайды!

Қазақстандықтар бір жылдың ішінде 50 миллиард теңгеге өз өмірлерін сақтандырып қойыпты. Мұның ішінде несие алуға барған азаматтар да көп болуы мүмкін. Өйткені, банк қызметкерлері кредит рәсімдеуге барған жұртқа "өміріңізді сақтандырмасаңыз несие мақұлданбайды" деп бірден ескерту жасайды екен. Ал сақтандырылған сомаңызды алдын ала өтеп тастасаңыз, артылған ақшаңызды алып кетуге толық құқылы екенінен тұрғындардың көбі хабарсыз. Қаржыдан қысылып, қарыз алуға банкке барсақ менеджерлер алдымен өміріңізді сақтандыру қажет, әйтпесе сізге несие мақұлданбауы мүмкін деп үрейімізді ұшырады дейді кейбір тұрғындар. Тіпті, банк қызметкерлері рәсімделген кредитіңізді мерзімінен бұрын өтесеңіз, сақтандыру сомасы қайтарылады деп те айтқысы жоқ екен. НҰР ЖАҚСЫЛЫҚ, Алматы қаласынң тұрғыны: – Кредит алынды, бірақ сақтандырмаса одобрение бермейді деді. И сол бойынша договор бойынша келісіп қойдық. Солай 200-300 мың қайтардық. АЙСҰЛУ БҰРҚАНОВА, Алматы қаласының тұрғыны: – Сақтандыру сомасы кірді, бірнеше рет несиелендірілдім. Кішкене сауатсыз болдым деп айта аламын сол кезде. Банктің менеджері оның ішінде сақтандыру бар, оны қайтіп ала аласың дегендей, несиені жапқаннан кейін ала аласың дегенді маған айтқан жоқ болатын. Біріншісінде мен осылай ала алмай қалдым, ал екіншісінде мен уже білдім, қайтарып алдым. Заңгер Ғабит Өмірбек, жабылған несиенің сақтандыру сомасын қайтарып алу мүмкіндігі жоғары дейді. Бастысы банктегі қарыз уақытынан бұрын өтелген болуы шарт. Тіпті, сот арқылы қазір төлеп жатқан кредит бойынша рәсімделген сақтандыру сомасын қайтарып алуға мүмкіндігіңіз бар екенін алға тартады. ҒАБИТ ӨМІРБЕК, заңгер: – Олар азаматттарды сақтаныруға алып келу үшін түрлі айлалар қолданады. Сіз сақтандырсаңыз сізге мынандай жеңілдік жасалады, мынандай болады деп. Оның бәрі есептеп қарасаңыз өтірік болып шығады. Заңгердің көмегіне міндеттелген сақтандыруды өзінен сот арқылы алғызып тастауға да болады. Алар кезде қол қоймай өзін сақтандырудан бас тартуға толық құқығы бар. Қаржы нарығын реттеу агенттігі азаматтардың несиені сақтандыру шарттарынсыз алуға толықтай құқылы екенін растады. Егер, банк несие, сақтандыру келісімі жасалынбағандықтан берілмеді десе, азамат ресми жазбаша жауап талап етуі тиіс дейді. Сол кезде ғана агенттік арнайы тексеріс жүргізіп, кредиттік ұйымның өзі жауапқа тартылатынын айтты. ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ: – Банктердің сақтандыру өнімдерін ерікті-мәжбүрлі тәртіппен сату мүмкіндігі бар. яғни, қосымша қызметті сатып алудан бас тартқан жағдайда, себебін түсіндірместен сізге қарыз беруден бас тартылуы мүмкін. заң бойынша, банк сізге кредит беруден бас тартудың себебін түсіндіруге міндетті, ал қосымша қызметті немесе өнімді сатып алусыз бас тарту - бұл менеджерлердің айла-амалдары. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5 пайызға көтеріп жібергендіктен, қазір көптеген банктер пайыздық мөлшерлемені максималды түрде 55-56 пайызға дейін жеткізіп отыр дейді экономисттер. Мұның ішінде банктің ресми 11 түрлі комиссиясының пайызы да бар. Бұған тағы сақтандыру сомасын міндеттеу халықтың қалтасына қол салғанмен тең дейді. Ал өмірді сақтандыру арқылы несие рәсімдеген азаматтар оқыс жағдай болып, дүниеден өтсе ғана несие сомасын сақтандыру компаниясы өтейді. Сондықтан, сақтандырудың бұл түріне адамның еңбекке жарамсыз, төлем жасауға қабілетсіз кезеңдері қоса енгізілуі қажет деп отыр сарапшылар. Әйгерім Ердәулет, Ринат Әбілқайыров Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -   / @informburo31kanal   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #несие #кредит #сақтандыру #кепілдік

Comments