Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео


Скачать с ютуб ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! ҚДТ (ДВК) ҚОЗҒАЛЫСЫ БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНЕ ҚАЙҒЫРЫП КӨҢІЛ БІЛДІРЕДІ в хорошем качестве

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! ҚДТ (ДВК) ҚОЗҒАЛЫСЫ БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНЕ ҚАЙҒЫРЫП КӨҢІЛ БІЛДІРЕДІ 2 года назад


Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! ҚДТ (ДВК) ҚОЗҒАЛЫСЫ БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНЕ ҚАЙҒЫРЫП КӨҢІЛ БІЛДІРЕДІ

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! ҚДТ (ДВК) ҚОЗҒАЛЫСЫ БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНЕ ҚАЙҒЫРЫП КӨҢІЛ БІЛДІРЕДІ 30 жыл бойы елді тонаған Назарбаевтың жеке билігі халықтың өмір сүру деңгейін қатты төмендетті. Халық бұл режимнің биліктен кетуін талап етіп, бейбіт митингіге шықты. Полиция қызметкерлері мен әскер сарбаздары халық жағына шыға бастады. Осы кезде қанды қол қылмыскер Назарбаев режимі өз билігін сақтап қалу үшін арандату іс-әрекетін жасады. Бейбіт халыққа тағы да оқ атты. Азаматтарымыздың қаны төгілді. Көп жастар мерт болды. Қаза болған кісілердің саны белгісіз, бірақ бірнеше жүз адам шейт болғаны анық. Бейбіт халықтың наразылығын басу үшін жауыз билік өзі дайындаған арандатушылар мен қылмыскерлерді қолданып, осы арам ойын іске асырды. Халыққа оқ атқанын ақтап алу мақсатымен өзінің қолдан жасаған қылмысын бейбіт митингіге шыққан халықтан көрді. Бейбіт халықты «бұзақылар мен лаңкестік топтар» деп кінәлады. Тоқаев жоғарғы мінбеден халықты ескертусіз атып өлтіруге рұқсат берді. Енді билік не істеседе, адам қанын дәмдеген жыртқыш аңдай ешқашан қан құмарлығын тоқтатпайды. Назарбаев 2011 жылы желтоқсан айында, Жаңаөзенде бейбіт халықтың қанын төккен сол залымдық қылмысын ел көлемінде қайталап отыр! Бұл қылмысы аздай, жеке басын қорғау үшін елімізге ОДКБ әскерін кіргізді. Өзге елдердің қарулы күшін кіргізіп басқыншылыққа жол ашты. Назарбаев елдің тәуелсіздігін Путинге сатты! Назарбаев-Тоқаев ұлт сатқындары! Бұл қанды қол Назарбаевтың режимінің халыққа әкелген тағы бір қайғы-қасіреті. Осыған байланысты марқұмдардың отбасыларына көңіл айтамыз. Қаза болған азаматтар, елдің каһармандары, тәуелсіздік үшін жанын аямаған батырлар. Иманды болсын. Назарбаевтың режиміне қарсы бостандық күресінде мерт болған азаматтарды ұмытпаймыз. Жүректі жаралаған қасірет біздің санамызды түбегейлі өзгертті. Біз, енді, намысы оянған ұлтпыз! Ұлтымыздың рухы сынбайды! Назарбаев пен Тоқаевтың сатқындығын кешірмейміз! Ел басына түскен ауыртпалықты халық бірігіп, жеңіп шығатынына біз сенімдіміз! Бұдан кейін біздің күрес ұлт-азаттық күреске айналғанын мәлімдейміз.

Comments