Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео




Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



Дінге тійсетіндер көбейді / Жарқын Мырзатай ᴴᴰ

Сіз мунафиқ әйелді намазға немқұрайлы қарауынан – ақ білуіңізге болады. Ол намаз уақытын өткізіп алса да, одан жүрегіне еш қорқыныш кірмейді. Аллаһты өте аз еске алады. «Мунафиқтар Аллаһты алдамақшы болады. Негізінен Аллаһ оларды алдауға ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Аллаһты өте аз еске алады». (Ниса 4:142) Мунафиқ әйелдер шариат үкімдеріне мойынсұнбай, бұзық істерге жол береді. Ол өз нәрсесін көршісінен, туыс-туғанынан қызғанады. Ерін де өзінің қатарына қосқысы келеді. Мунафиқалар бөтен еркектермен көргенсіз істер қылудан ұялмайды. «Мунафиқ ерлер мен әйелдер, бір-бірінен. Олар жамандыққа бұйырып, жақсылықтан тосады, сондай-ақ олар қолдарын жұмады (сарандық қылады). Олар Аллаһты ұмытты. Сондықтан Аллаһ оларды ұмытты. Расында, мунафиқтар олар - бұзықтар». (Тәуба 9:67) Мунафиқтар қызғаншақ болып келеді. Олар өзгелерге берілген нығметті көре алмайды. Мунафиқ әйелдер орамал тартып, таза жүрген әйелдердің де өздері секілді жалаңаштануын, жаман жолға түсулерін қалайды. «Кітап иелерінің көбі, оларға шындық айқын болғаннан кейін өз күңшілдіктерінен сендерді иманнан кейін қарсылыққа қайтаруды қалайды. Аллаһ бір әмірін келтіргенге дейін, оларды кешіріңдер, елемеңдер. Күдіксіз Аллаһтың күші әр нәрсеге толық жетеді». (Бақара 2:109) Әбу Лақабтың әйелі Умму Жамил Пайғамбарымызды, сәллә Аллаһу алейһи уә сәлләм, өте жек көретін еді. Оған бақырайған көздерімен тесіп жіберетіндей қарайтын. Ол улы тілімен және көргенсіз зұлым әрекеттерімен Пайғамбарымызға, сәллә Аллаһу алейһи уә сәлләм, өте көп қиыншылықтар көрсетті. Тозақтық болған бұл әйел, Пайғамбарымызды, сәллә Аллаһу алейһи уә сәлләм, «Мұхаммед мақталған» деудің орнына, «Мұхаммед жамандалған» деп айтар еді. «Расында, қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте олар көздерімен ішіп-жеп сені жыға жаздайды. Және «ол анық жынды» дейді». (Қалам 68:51) Мунафиқ әйел көзіңізге жақсы көрініп, шырын тілімен сізді айналдырса да, біраздан соң өткір қылышқа айналады. Жалпы олар басқа әйелдерге қиыншылық көрсетуден шаршамайды. Сіз Аллаһ Тағала «Мунафиқун» сүресін босқа түсірді деп ойлайсыз ба?!

Comments