Русские видео

Сейчас в тренде

Иностранные видео


Скачать с ютуб Адам құқығы туралы в хорошем качестве

Адам құқығы туралы 3 года назад


Если кнопки скачивания не загрузились НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если возникают проблемы со скачиванием, пожалуйста напишите в поддержку по адресу внизу страницы.
Спасибо за использование сервиса savevideohd.ru



Адам құқығы туралы

Барлық адамдар нәсіліне, діни сеніміне, ұлтына, жынысына және т.б. қарамастан бір-бірімен тең. Адамдардың бәрінің құқықтары бірдей болуы керек. Адам құқығының даму тарихына тоқталсақ, адам құқығы Хамурапи мен Кир патшаның заңдарынан, қасиетті діни мәтіндерінен басталады. Ал адам құқығының заманауи дүниетанымы батыс Еуропада пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған кейін Халықаралық ұйым құру, адамдарды осындай істерге жаппай тарту және де әйелдердің сайлауға қатысу құқығы жаппай орын ала бастады. Десек те, Екінші дүниежүзілік соғыс барысында ЛГБТ өкілдерін, сығандарды, азаматтық қоғамды жаппай қыру орын алды. Бұдан қандай сабақ алуға болады: мемлекеттер адам құқығын бұза алады және егер бақылау болмаса, ол – негізгі қауіп ошағы болып табылады. Соғыс болмау үшін, дүниежүзілік қоғамның бірінші кезектегі міндеті – барлық елде адам құқығының сақталуын қамтамасыз ету. Сондықтан да мемлекеттен жоғары тұратын заңдар керек. Адам құқығы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін институт деңгейінде құрылды. Оның мәтіні талқыланып жатқан кезде кеңес және ағылшын өкілдерінің арасында дау туындаған болатын. Кеңес өкілі «Адамдарды ең алдымен тамақпен, қажеттілік заттарымен қамтамасыз ету керек» деген пікір айтты. Оған ағылшындар Декларацияның құлдарға емес, еркін адамдарға арналып жазылатынын айтып, қарсы шықты. Кейіннен Адам құқығы жөніндегі Еуропалық сот, БҰҰ, ЕҚЫҰ институттары құрылды. Таир (Тайыр) Назханов – адвокат және Алматы қалалық Адвокаттар алқасының төралқа мүшесі. Адвокаттар құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы. «Назханов и партнеры» («Назханов және серіктестер») адвокаттық конторының басқарушы серіктесі. ҚазМУ, Лондон университеті, КИМЕП секілді жоғарғы оқу орындарының заң факультеттерінің түлегі. Қазақстан Республикасындағы Ұлыбританияның елшілігі елде ағылшынша сөйлеп, тәжірибе алып жүрген заңгерлер реестеріне (тізіліміне) қосқан. Ұлыбританияның жетекші адвокаттық фирмаларымен ағылшын әріптестеріне қазақстандық заңнаманы түсіндіру бойынша қызмет етеді, олармен бірлесе нақты қылмыстық пен азаматтық істер бойынша жобаларды жүргізеді. IUS Халықаралық төрелік сотының арбитры (төрешісі). Өзінің заңгерлік және адвокаттық жұмысы барысында Парламент Сенатының комитетінде заң жобасы бойынша соттық санкциялау туралы сөйледі; азаматтарға тегін онлайн-кеңес беретін мамандандырылған «Адвокаттар форумы» құқықтық порталын құрды, басқарды; алқабилер туралы заңдарды, сот санкцияларын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу бойынша жұмыс топтарының мүшесі болды. Заң тақырыптары бойынша жүздеген мақала мен подкасттардың авторы. «Хабар», «31», «Алматы» телевизиялық каналдарындағы, «NS» радиосындағы, «Kazakhstan Forbes»-тегі, «Заң», «Новое поколение» газеттеріндегі, «Юридические консультации» («Заңды ақыл-кеңестер») кітабындағы құқықтық айдарлардың бірлескен авторы. Халықаралық Legal500 рейтингісінде экономикалық қылмыс саласы бойынша ең үздік адвокаттардың бірі болып танылды. #адвокатАлматы #адвокат #ТаирНазханов #kazakhlawyer #заңгер #суды #TairNazkhanov #Казахстан #адвокатастана #адвокатказахстан #заңкеңесі #уголовныеделавотношенииюридическихлиц #заңкеңесіалматы #юристалматы #заңгерказахстан #заңгерастана Таир Назхановпен байланыс: +7-701-013-88-00, +7-727-266-61-60 Менің арнама жазылыңыз! -    / АдвокатТаирНазханов   🔺"Назханов және серіктестер" сайты - Қылмыстық істер бойынша қорғау - : https://www.ntp.kz 🔺Instagram:   / nazkhanov   🔺Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?... 🔺Почта: [email protected]

Comments